Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль иегері, белгілі ақын Шөмішбай Сариевке арналған концертке қатысты. Бұл шара қазақ руханиятына зор үлес қосқан ақынның шығармашылығын құрметтеуге арналды деп хабарлайды Alash.kz .
Концерт барысында Қазақстанның эстрада жұлдыздары ақынның халық жүрегіне жеткен әндерін орындады. «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Өмір-өзен», «Дос керек» сияқты туындылар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалды. Әншілер арасында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Мемлекеттік сыйлық иегері Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова және Жұбаныш Жексенұлы болды.
Шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, театр қойылымдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шөмішбай Сариевтің әдеби мұрасы туралы арнайы көрмелер мен экспозициялар ұсынылды. Ақынның еңбектері қазақ поэзиясында ерекше орын алып, бірнеше тілге аударылған.