Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақиқат біреу, ал қалғаны - адасу". Дағыстанда никаб киюге тыйым салынады

15:51, 02 шілде 2024 552

Дағыстанда никаб киюге тыйым салынды. Бұл туралы ел мүфтиі Ахмет Абдулаев мәлім етті. Ол Махачкалада тұрғындармен кездесуінде таяу күндері республикада аталмыш киімге тыйым салатын пәтуа шығатынын айтты, Alash.KZ ұлттық порталы "Әшкере" телеграм арнасы сілтеп.

Дағыстанның бас мүфтиі Ахмет Абдулаев бұл мәселені Ресейде талқылаудан қашқақтайтындар барын айтты:

"Біз никабқа тыйым салу туралы пәтуа шығарамыз. Құранда "ақиқат біреу, ал қалғаны адасу" деп жазылған", - деді Абдуллаев.

Айта кетсек, Дағыстан басшысы Сергей Меликов Махачкала мен Дербенттегі терактіден екі күн өткенде мұндай тыйым қауіпсіздік мақсатында керегін айтқан. Себебі шабуыл жасағандардың бірінен осы никаб киімі табылған. Тергеу нұсқасына сенсек, ол осы киіммен қашуды жоспарлаған. Республика басшысы мұндай киім түрі кавказ халықтарына жат және бұл киім ішінде ер адамдар тыйым салынған зат алып жүруі мүмкін екенін ескертті. Ал бұл ұсынысты Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қолдаған.

Орайы келгенде айта кетейік, Никаб дегеніміз хиджабтың үстінен киілетін киім және ол тек көзді ашық қалдырады. Кейде тіпті көздің өзі көрінбеуі үшін торлап қоятын түрлері бар. Ол көбіне Пәкістанда, Сауд Арабиясында және парсы шығанағындағы елдерде дәстүрлі киім саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар