Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арыстанбек Мұхамедиұлы компанияларына арзанға сатылған нысандар мемлекетке қайтарылды

11:18, 06 қыркүйек 2024 421

Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компанияларға бұрын нарықтық құнынан арзан бағаға сатылған нысандар мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Alash.KZ Halyq Uni материалына сүйеніп.

Бас прокуратураның мәліметінше, заңсыз сатылған 4,8 млрд теңгенің мүлкін мемлекет меншігіне қайтару туралы талаптар сотқа берілген. Олардың біреуін сот қанағаттандырды.

2019 жылы Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияға 332 млн теңгеге сатылған. Алматыда орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланған. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны – 1,213 млрд теңге. Бағадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы 3 нысанды мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2029 жылғы 29 ақпандағы үкімімен Мұхамедиұлы Арыстанбекке лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлықты ұйымдастырғаны, рейдерлік әрекетке оқталғаны, өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін  11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын. Сондай-ақ, оған мемлекеттік лауазымда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар