Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аш қасқырша талаған...". Шерзат Болатты сағынған сыныптастары жыр жазып, жалпақ жұртты жылатты

10:08, 19 қазан 2024 2918

Талғандағы Шерзаттың өлімі жергілікті тұрғындардың қабырғасын қайыстырды. Марқұмның замандастары, сыныптастары, ауылдастары қайғылы жағдайды қабылдар емес. Олар қанды оқиға болған Қамажай дүкенінің алдында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімді жоқтап, құран бағыштайды, гүл шоқтарын, ойыншық, хат пен тәттілер қояды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға орнына келушілердің қарасы көп. Сыныптастары, достары Шерзатты сағынып, жоқтау жырын да жазыпты.  Ulysmedia.kz  порталы жыр шумақтарын бөлісті.

«Арманы қалды артында,
Арайлап атар таңында
Анаңа Алла жар болсын,
Дұғада енді жұртың да…

Не болып барады бұл заман
Аш қасқырша талаған
Түс көргендей әп-сәтте
Аңырап қалды ана жан»…

Төбелесте қаза тапқан Шерзатқа сынаптастарының шығарған өлеңі осындай. Сонымен қатар ұстаздары да Шерзаттың әдепті, ешкімнің көңілін қалдырмаған елгезек, бауырмал бала болғанын айтады.

Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтірді. Оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Кейін күдікке ілінгендердің қатары тағы бір адаммен толыққаны хабарланды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?