Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскерге күштеп алып кету дұрыс: Абзал Құспан өз баласын әскерге жіберу туралы айтты

10:49, 05 қараша 2024 1194

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әскерге өз баласын жіберетіні туралы айтты.

Ол Еrbol Seilkhan Youtube-арнасына берген сұхбатында әскерге бару туралы баяндады.

 

"Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын, неге қолдамауым керек? Конституцияда әскерге бару әрбір 18 жасқа толған азаматтың міндеті екені жазылған, құқығы емес, міндеті. Менің осы сөзімнен кейін бәрі шулады, сөйтіп бір-екі пікірді оқысам, кейбір адамдар "оңбаған", "өзінің баласына осыны тілер ме еді?" дегендер көп жазылыпты. Енді қызықты қараңыз, 15 жастағы Қалижан деген ұлым дәл қазір Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде оқып жатыр. Ол оқуға қыркүйекте түсті. Мен сол кезде халық алдында шығып, айтқым келді. Мен ұлымды әскерге жіберемін, ешқандай күмән болмасын. Жібергелі жатырмын. Мен тек оқуға түспей қалса қайтемін деп ойладым. Мен ұлымды былтырдан бері дайындап жатырмын, ұлыма "ел басына күн туса, қолыңа қару ұстайтын шамаң болуы керек" деп айтамын. Сонда әскерден бәріміз қашуымыз керек пе? Әлде елді, жерді қорғауды әйелдерге қалдырайық па? Мен депутат ретінде әскердегі әлімжеттікке не істей аламын? Мұндай дүние Кеңес Одағының кезінде де болды, қазір де соны тоқтата алмай тұр", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?