Қазақстан билігі бас тартқан әскери шеру Байқоңырда өткізілетін болды. Бұл туралы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.
Бұл – биыл Қазақстанда аумағында мұндай шара өткізетін жалғыз қала.
Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери парадтар өткізілмейтінін мәлімдеген болатын.