Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана әуежайында оқыс жағдай болды

18:19, 17 тамыз 2024 1149

Астана әуежайының әкімшілігі ұшу-қону жолағындағы төтенше жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER бортында Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды. Экипаж 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдаған.

Ұшақ сәтті қонғанымен кейінірек ұшу-қону жолағынан сырғып шығып кеткен.

«Сағат 16:00-де сәтті қонғаннан кейін, такси жолындағы бұрылыс кезінде экипаждың қателігінен ұшақ топырақты жерге сырғып кетті.
Осыған байланысты сағат 16:03-те құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды», - делінген хабарламада.

Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстерге уақытша жабылды.

Оқиғаның бірнеше куәгері журналистерге Астана әуежайында туындаған мәселеге қатысты ақпарат жеткізді.

 

Оқырмандар елордаға қонуы тиіс ұшақ белгілі бір себептермен Қарағандыға қарай ұшып кеткенін айтты. Оларға елорда әуежайында болған нақтыланбаған апат туралы хабарлаған.

Ал өзге куәгерлер Swiss International Air Lines ұшағы Астанаға шұғыл қонып, тіпті ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар