Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана қаласының полициясы күшейтілген режимге көшті

18:59, 29 маусым 2024 342

Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицияның жеке құрамы күшейтілген режимге ауыстырылды. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 

Қаланың көшелерінде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жасақтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді, — делінген хабарламада.

Қалаға кіре берісте полицияның «Рубеж» стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда азаматтардың құжаттары мен көліктегі тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Делегациялардың арнайы колонналарының өту кезінде елорданың магистральдық көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектелетін болады, — деп хабарлады Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Алайда азаматтардың қалаға кіруі мен шығуына қатысты қандай да бір шектеулер қойылмаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?