Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстан туын лақтырған". Көшпенділер ойынынан кейін қазақтарды балағаттаған қырғызстандық ұсталды

17:24, 21 қыркүйек 2024 547

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар дауынан кейін арандатушылық видео жариялаған қырғызстандықты анықтады, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.

 Ulysmedia.kz порталы жағдайдың жай-жапсарын баяндады.

Видео авторы екі елден де кешірім сұраған. Қолданушы әлеуметтік желіде КамАЗ жүргізушісі ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып, лақтырып жіберген видеоны таратқан. Бұл қазақстандықтармен қатар қырғызстандықтардың да ашуын тудырды.

Ведомство мәліметіне қарағанда, видеоның 21 жастағы авторын мемлекеттік комитетке апарып, әңгіме жүргізген. Ол эмоцияға берілгенін мойындап, екі елден да кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін, - деп ескертті ведомстводан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?