Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада такси жүргізушісі кішкентай баланы ұрып тастаған

18:19, 28 тамыз 2024 470

Астанада такси жүргізушісі баланы ұрған, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Massaget.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы Желіде Нұрила есімді қолданушы айтты.

Оқиға 23 тамызда болған.

Әйелдің айтуынша, баласы абайсызда орындықты ластаған, бірақ бұл үшін кешірім сұраған, тіпті майлықпен сүртіп, тазалаған.

Кейінірек баласы көліктің ортасында тұрғанда такси жүргізушісі оны итеріп, шынтағымен бетінен ұрып, айғайлғанын айтты.

Астана полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"102 арнасына такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал туралы хабар келіп түскен. Тексеру барысында жанжал жолаушының кәмелетке толмаған баласының көлік салонын ластағанынан басталғаны анықталды. Сөзге келісіп қалған соң тараптар одан әрі іс жүргізу үшін Нұра ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, өзара келісімге келген", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта азаматтың әлеуметтік желіде пайда болған арызына байланысты қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар