Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада таныс қызын қонақ үйге апарған жігіт күтпеген жағдайға тап болды

10:18, 01 қараша 2024 652
 

Елордада қызын қонақ үйге апарған 21 жастағы жігіт 7 мың доллардан аса қаражатынан айырылып қалды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан.

Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді жалғастырып, соңында қонақ үйге барған.

Жігіт қызға байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың долларын көрсеткен. Содан кейін ол қонақ үй бөлмесінде ұйықтап қалғаннан кейін қыз 7 200 долларын алып, кетіп қалған. Оянған соң көлік сатып алуды жоспарлаған қаражатының жоғалғанын білген жігіт бірден полицияға хабарласқан деп жазды inbusiness.kz сайты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы қызды бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қыз кінәсін мойындады.

Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?