Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада желтоқсаншылар автобуста тегін жүре алады

16:59, 09 қаңтар 2023 441
Елордада Желтоқсан оқиғасына қатысқандар автобуста тегін жүре алатын болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


2023 жылғы қаңтардан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылатындардың санаты кеңейді.
 

Енді бұл жеңілдікті «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады.

 

Сондай-ақ қалалық маршруттарда төмендегі санатқа енгендер тегін жүре алады:



    • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;




 



    • Жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;




 



    • Көпбалалы аналар;




 



    • Көпбалалы отбасылар;




 



    • Мүгедектігі бар адамдар;




 



    • 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері);




 

Жеңілдік беретін көлік картасын Орталық кассада (Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады. Аталған картаны сатып алмас бұрын IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласу керек.

Еске салайық, 2020 жылғы наурыздан бастап елордада кәмелетке толмағандар қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар