Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Астанаға ана тілінде сөйлемейтін өңшең арсыз, намыссыз қазақтар жиналған" - депутат Абзал Құспан

12:29, 19 мамыр 2024 1046

ҚР Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Астанадағы қазақ азаматтарының өз тіліне деген құрметсіздігі мен селқостығын айыптады. Оларды "арсыз, намыссыз қазақтарға" балап, ашық та батыл ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Депутат Астана саябақтарының бірінде демалып жүрген сәтінен видео жолдады. Бейнекадрларда қазақ азаматтарының, аға буын, орта жастағы отбасылы азаматтардың, тіпті балалардың қазақ тілінде сөйлемейтінін айыптайды. Ұлттық тәрбие мен тәлімнен жұрдай болған қазақтарды айыптайды.  

Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!

Автордың видеосы қызу талқыға түсіп, көптеген желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Қолданушылар мұндай құбылысты "мәңгүрттікке" балап, тіл саясатының дұрыс жүргізілмей отырғанын, туған тілді талап етуге келгендегі заңның солқылдақтығын жазғыруда.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?