Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астраханьда Қазақстанның, Оралда Ресейдің консулдығы ашылады

20:11, 15 шілде 2024 562

Қазақстан мен Ресейде екі консулдық ашылады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы "Ашық нормативтiк құқықтық актiлер" порталында жарияланды. Бұл туралы Alash.KZ хабарлайды. 

Құжаттқа сәйкес, осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Ресей екі консулдық: Қазақстанның Астраханьдағы консулдығы мен Оралдағы Ресей консулдығын ашу туралы келісімге қол қойды.

Хаттамаға Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктерінің басшылары қол қойды.

"Келісімге хаттаманы бекіту Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді", – деді құжатты әзірлеушілер.

Үкімет қаулысының жобасы 26 шілдеге дейін талқыланып, содан кейін күшіне енеді. Консулдықтарды ашу үшін қанша ақша қажет екені белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар