Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сотталды": асырап алған балаларын құлдықта ұстаған

20:53, 12 шілде 2024 726

Асырап алған үш баласын бес жыл бойы құлдықта ұстаған Ұлытау облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Әйел 2018 жылы балалар үйінен 8, 12, 14 жастағы бір қыз, екі ұлды асырап алған. Алты жыл бойы оларды жәбірлеп, соққыға жығып, Жезқазғаннан 20 км жерде орналасқан фермада жұмыс істеуге мәжбүрлеген деп жазды Ulysmedia.kz

Қамқоршылық органдары үлкен қыздың колледж бітіргеніне қарамастан, сол күйі жұмысқа тұрмағанын анықтаған. Әйел інілерінен ажыратамын деп қорқытып, оған мал баққызған. Ал ұлдар мектепке бармаған, үнемі ауырғаны туралы анықтама беріп жүрген. Қамқоршы атанған әйел басқа балаларды да асырап алуға дайын екенін жеткізген. 

«Өгей анасы бес жыл бойы үш балаға жәрдемақы алып отырған, сөйте тұра балаларға қатысты ешқандай міндеттемені орындамаған”, – деді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот өкілдері. 

Сот әйелді кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар