Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда азық-түлікке жұмсайтын шығындар айтарлықтай өсті

17:48, 10 шілде 2024 798

2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар орта есеппен азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 131,3 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артық.Сараптама барысында, әсіресе, алматылықтардың азық-түлікке едәуір ақша жұмсайтыны анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

2023 жылдың бірінші тоқсанында тамақ пен сусындарға жұмсалған шығындар бір адам үшін орта есеппен 123,1 мың теңге болған. Содан кейін жылдық өсім 21,1%-ға жетті.

Finprom мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 9,3%–ға, азық–түлік тауарларына-7,5%-ға, ал тікелей азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға-7,2%-ға өсті.

Азық-түлік пен сусындарға үшін алматылықтар ең көп қаражат жұмсайтыны анықталды. Олар биылғы жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққанда 181,5 мың теңге жаратқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7%-ға артық.


Екінші және үшінші орындарда-Шығыс Қазақстан (152,1 мың теңге, плюс 4,1%) және Маңғыстау (146,7 мың теңге, плюс 6,7%) облыстары тұр. Қызылорда (жан басына шаққанда 104,6 мың теңге), Ақтөбе (106,4 мың теңге) және Түркістан (110,4 мың теңге) облыстарының тұрғындары тамақ пен сусынға жұмсаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар