Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата-анасы ажырасқан: Алматыда 11 жастағы қызды түрмеден шыққан адам зорлаған

13:07, 11 қазан 2024 3235
 

Алматыда 11 жасар қызды зорлады деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, мас ер адам тапа-тал түсте үйге кіріп, қызды қорлаған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқушы қызға қоқан-лоқы көрсетіп, қорқыта бастаған, деп хабарлайды Alash.KZ Stan.kz сайтына сілтеп.

11 жасар қыздың анасы екі күннен бері өзін қоярға жер таппай жүр. Анасы редакцияға 8 қазан күні таңертең 10:00 шамасында белгісіз ер адам оның қызын зорлағанын айтты. 

Қазір 6-сынып оқушысы бастан кешірген қорлықтан кейін күйзеліске түсіп, жабылып қалған.

Жәбірленуші қыздың анасының сөзінше, бәрі жұмысқа кеткенде болған. Мектепте оқитын үлкен қызы да, өздері де үйде болмаған. Анасының айтуынша, күдікті киімін шешіп, мектеп оқушысын тұншықтырып, балағаттап, кейін "отбасыңа бірдеңе айтсаң, оны өлтіремін" деп қорқыта бастаған.

Әйел ажырасқан, екі қызын жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол уақытша баспананың бір бөлмесін 70 мың теңгеге жалға алады. Бұл отбасы екі апта бұрын көшіп келген.

"Жаңадан көшіп келгендіктен есіктің құлпын ауыстырып үлгермедік. Ол қызым ұйықтап жатқанда есікті ашып кіріп, ішінен құлыптап алған. Мына есік қатты жабылатындықтан қызым ішке әлдекімнің кіргенін естімей қалған. Есікті қатты тартып ашқан кезде ол шошып оянып кеткен. Ол түскі ауысымда оқиды. Ер адам қызымды тамағынан қылғындырып әкеліп, қабырғаға қарай тақаған. "Ағатай маған тиіспеңізші" деп өтінсе де, жібермей ұстаған. Қызым көмек сұрағасы келіп, терезеге жақындай бергенде желкесінен ұстап, жерге құлатқан. "Аға өлтірейін деп жатсыз ба?" деп айғайлаған. Жарты сағат бойы шыңғырып, арпалысқан. Ер адам оған "Сені құмарым қанғанша ..... істеп алайыншы" деп айтқан. Қызымды шешіндіріп, қалағанын жасаған. Тіпті, қызымның есінде еркек қандай шалбар, жейде кигені қалған", – деді жәбірленушінің анасы.

Ер адам соңында есіктің алдына отырып, асықпай аяқ киімін киген. Артынша қызға "жаным, алтыным, жақсы қыз екенсің, ешқандай реніш болмасын" деп, қолынан сүйген.

"Осы кезде қызым сыртқа шыққысы келгенін айтқан. Ер адам мұнымен қоймай "қайда барасың, мен де сенімен бірге барамын" деп мектепке дейін артынан ілесіп қалмай қойған. Қызым сол мектеп маңында отырған ересек қызға барып "менің құрбым бола тұрыңызшы" деп өтініш жасаған. Мұны көрген ер адам кейін кетіп қалған екен. Осы мезетте қызым маған хабарласып, жағдайдың қалай болғанын баяндап берді", – деді қыздың анасы.

Бұрынғы әкесінің айтуынша, оқиға орнына полиция келген. Қызы жәбірлеген адамды бірден танып, суретін көрсеткен. Полиция бұл күдіктінің бір күн бұрын изолятордан шыққанын айтқан.

Айта кетейік, 36 жастағы ер адам Жетісу облысының тумасы. Жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, жиі ішімдік ішеді. Полиция дереу іздеу жұмыстарына кірісіп, артын суытпай ұстаған.

"Оның басқа біреудің үйіне еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып кіргені анықталды: есік құлыпталмаған. Қыз үйде жалғыз болған, сондықтан оған қарсы тұра алмады. Жедел іздестіру тобы жолданды, олар тәркіленіп, алғашқы жедел іздестіру шараларын жүргізіп, оқиға орнын тексеріп, тиісті сараптама тағайындады", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптама тағайындады. Егер педофил кінәлі деп танылса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?