Атыраудағы балаларға арналған ойын алаңының бірінен кішкентай қыз биіктіктен құлап қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ойын кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп кетіп, бала құлап кетті. Қыздың ата-анасы жедел жәрдем шақырып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл ойын орталығында осымен екі бала зардап шекті.