Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда шөп жұлмағаны үшін 17 жастағы баланы үлкендер ұрып өлтірген (ВИДЕО)

15:32, 12 қараша 2024 2463

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сартоғай ауылында қаза тапқан 17 жастағя Набидуллин Дәулеттің өлімі туралы сұмдық деректерді айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Руслан Өтепбайұлының жазуынша, марқұм Дәулеттің өліміне одан 2 жас үлкен балалардың қатты соққысы себеп болған. Анықталғандай, шөп жұлмағаны үшін Дәулетті жәнк оның қасындағы досын аямай соққыға жыққан. 

«Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылының 17 жасар тұрғыны Набидуллин Дәулетті ауылдастары соққыға жығып өлтірген. 

Марқұмның жақындарының айтуынша, 3 маусым күні Дәулет көшеде сыныптастарымен қыдырып жүреді. Оны өзінен 2 жас үлкен Қажымұқан атты ауылдасы көшеде кезіктіріп, “үйге шақырғанда келіп, ауламның шөбін жұлмадың” деп көлікке отырғызып, ауыл сыртына алып кеткен. Күдіктінің жанында үш досы болған көрінеді. Ал көлікке Дәулетпен қоса досын да отырғызып, ауылдан 2 шақырым жерге апарып, екеуін соққының астына алған. Сол сәтте Дәулеттің әлі кетіп, талып қалады. 

Жасөспірімдерді ұрған бала оқиға орнына жедел-жәрдем шақырған, бірақ олар келмегендіктен күдіктілер өз көлігіне отырғызып, аудандық ауруханаға апарады. 

Алайда Дәулет ауруханаға жетпей жан тәсілім еткен. 

17 жасар марқұмның жақындары қылмыстық іс бұрмаланып кете ме деп, қоғамнан араша сұрайды”,- деді журналист Руслан Өтепбай.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар