Атырауда 25 жастағы жігіт зейнеткер ата-анасын өлтіріп, кейін өз өмірін қиған, деп жазады Alash.KZ.
Қайтыс болғандардың жасы 65 пен 58-де.
«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі.
Полиция департаменті тергеу құпиясын алға тартып, қылмыстың мән-жайын айтудан бас тартып отыр.
Алайда бейресми ақпарат бойынша, кісі өлтіру болған үйден пышақ пен темір балға табылған.