Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әуежайға дейін":..Алматы метросына тағы сегіз станция қосылмақ

18:36, 24 қазан 2024 708

Жобаның техникалық құжатында жаңа метро желісі "Жібек Жолы" станциясынан бастап әуежайға дейін болатыны көрсетілген, деп жазады Alash.KZ. 

Желінің станциялары:

№ 1 – «Жібек Жолы» станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауыстырып міну торабы ұйымдастырылады;
№ 2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;
№ 3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында;
№ 4 – «Халық Арена» спорт кешенінің жанында;
№ 5 – «Шығыс» көлік ауыстырып міну торабы аумағында, «Жетісу» базарына қарама-қарсы бетінде;
№ 6 – «Апорт-2» сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында;
№ 7 – Нұршашқан ықшамауданының маңында;
№ 8 – әуежайдың жанында.

Екі жолақты желінің ұзындығы – 14 км.

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланған. Метроның жаңа желісінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?