Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауғанстанмен Батыс елдердің соты

16:06, 29 қыркүйек 2024 289

Германия, Аустралия, Канада мен бірнеше ел "Талибанды" әйелдерге қатысты дискриминация үшін сотқа бермек

Германия, Аустралия, Канада мен Нидерланд Ауғанстанда билік басындағы "Талибан" ұйымына қарсы БҰҰ Халықаралық сотына шағым түсірмек.

Мемлекеттер тәліптерді БҰҰ-ның әйелдерге қатысты дискриминацияны жою туралы конвенциясын бұзды деп айыптап отыр. 

 

"Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок БҰҰ бас ассамблеясы алаңында тәліптер үкіметінің әйелдерді кемсіту мәселесіне қатысты Аустралия, Канада мен Нидерландтан келген әріптестерімен талқыламақ. Мемлекеттер белгіленген мерзім ішінде тәліптер жағдайды жақсартуға әрекет етпесе, сотқа жүгінеді. Сонымен қатар БҰҰ Гаагадағы халықаралық соты да тартылуы мүмкін", – делінген басылым хабарламасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?