Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әулетке есірткіні алып келген сенсің": Назарбаевтың қыздары Дариға мен Әлияның арасында қандай бітпес дау бар?

12:22, 31 шілде 2024 352

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және кіші қыздары - Дариға мен Әлия арасындағы "қырғиқабақ" соғыс аяқталатын түрі жоқ деп хабарлайды Alash.KZ сайты DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Назарбаев олимптен тайғаннан кейін, әулет үлкендері Дариға мен Әлияны татуластырғысы келген. Себебі, Назарбаевтың отбасы ішіндегі кикілжің қазіргі "Жаңа Қазақстан" жағдайында оларға мүлде қажет емес. Алайда қыздардың бір-біріне деген өкпесі тым ауыр сияқты", - дейді, жағдаймен жақсы таныс DALA INSIDE дереккөзі.

Олардың жанжалы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның есірткіге тәуелді болуынан басталған еді. Анасынан қашып кеткен Айсұлтанды Әлия өз қамқорлығына алады. Артынан Дариға баласын алып кетуге келгенде, Әлия оның "баланың психикасын бұзды" деп айыптаған. Сол кезде Назарбаевтың үлкен қызы "әулетке есірткіні алып келген сенсің" деп, кіші сіңлісіне жұдырық жұмсаған деген ақпарат бар.

Артынан Дариғаның РОП операторына шабуылы басталды. Әу баста өзінің қол астында істеген Санжар Боқаевты РОП пен утильалымға қарсы қойған осы Дариға Назарбаева болатын.

Осыдан кейін апалы-сіңлілер араласуды қойып, әулеттің тойы немесе өлім-жітімдерінде бір-бірінен аулақ жүретін болған. Таяуда оларды татуластырмақ болған туыстарының әрекеті сәтсіз аяқталды.

"Назарбаевтың көзі тірі кезінде ғана олардың қыздарына қауіпсіздік гарантиясы бар. Ислам Кәрімов өлгеннен кейін оның қызы, жалғанды жалпағынан басқан Гүлнар Кәрімованың қандай күй кешкені, абақтыда отырғанын бәріміз білеміз. Сондықтан да, том-том болып жиналып қойылған біраз қылмыстық істің қозғалмай жатқаны да уақытша ғана", - дейді, дереккөз.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар