Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әумин"-нен басталған әдепсіздік. Мешіттегі төбелес. "Діни дөрекілік" танытқандардың мән-жайы мен мәзһәб мәселесі

09:51, 15 мамыр 2024 1023
Бірнеше күн бұрын мешітте намаз оқып тұрған ер адамды соққыға жыққан азаматтың әрекетін бейнелейтін видео тарағаны белгілі. Желі арқылы жария болған мешіттегі бейәдеп әрекетке тұтас қоғамның назары ауды. Арасында: "Бұлар діннің қысымында жүреді ғой. Мида стресс бар. Хиджап киетін қыздар да агрессивті болады",- деп жатқандар да бар.Қазір оқиғаның ақ-қарасы анықталып, мән-жайы тексеріліп жатыр. Құқық бұзушылыққа қатысты қоғамдық пікір жетекшілері, имам қандай пікірде екенін саралап көрдік. Бұл хақында Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды.
 
Шымкет қаласындағы орынсыз жағдай болған мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын баяндады.

Дау мен төбелестің негізгі себебі ретінде өзге бағытта намаз оқыған иланушының соққыға шығылуы жиі аталады Оқиға қаладағы Әбдусаттар Сманов мешітінде болған. Видеоға бажайлап назар салсаңыз, мешітте намаз оқып жатқан жамағатты, бір қатарда тұрған мұсылман бауырлардың жөпелдемеде жаға жыртысып, төбелесе кеткенін көруге болады. Яғни, бір сәтте ер адам күтпеген жерден қасында тұрған азаматты ұрып құлатып, аяғымен тепкілей бастайды. Мешіт имамы бұл оқиғаның мән-жайын былай түсіндірді: 

"Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында "әминді" іштен айтылады деп ескертілді және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді", - деді мешіт имамы Берік Шотабеков.
Шымкеттегі шулы оқиғаға қатысты жағдайға байланысты ҚМДБ да мәлімдеме жасады:

....Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады", - деп жазды ҚМДБ.

Сондай-ақ, ҚМДБ "Мешіт ережесі" бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалатынын ескертті.

Оқиғаға қатысты бұрынғы депутат, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов пікір білдірді. Мұрат Әбеновтың пайымдауынша, мұндай ала-құлалық күні ертең террорлық әрекеттерге бастауы мүмкін: 
Дұрыс мүфтият талабы, ресми тіркелген Діни ұйымға қарасты барлық мешіттерде ортақ тәртіп болу заңдылық. Сол себептен ол тәртіп тек Әбу Ханифа мәзһабы бойынша негізделу керек. Және Әбу Ханифа ұстанымына қарсы болса құқық қорғау органдары тексеру керек шара қолдану міндетті. Қазір ұшығып тұрған кезең, заңсыз қызмет атқаратын секталардан әсіресе терроризм идеологиясын таратушы ағымдардан сақтанған дұрыс, - деді Әбенов.
 
Алуан түрлі сенім жетегіне жегілгендердің бұлай қырық пышақ болуын қоғамның жылы қабылдамағаны байқалады. Ақпараттық кеңістіктегі пікірлер қарасы да мынандай: 
- Көзбен көрмегесін сенбейсің ғой, шындығында бұлар өте жаман екен ғой... тұнған агрессия;
 
- Мынау мықты қарулы екен, жалпы арасына адам салып, қолдың қырымен артқа ұрып құлату оңай шаруа емес;
 
- Бұлар діннің қысымында жүреді ғой. Мида стресс бар. Хиджап киетін қыздар да агрессивная болады;
 
- Осындай надан, көрсоқырларды дайындап жатқан діни орталықтарды неге ауыздықтап тастамасқа?!.. Бірнәсе айтсаң дінге қарсы, тәңірші деп шыға келетіндер күннен күнге көбеюде. Мұндай ұрда-жық радикалдардың бізге қажеті бар ма? Дінді мазақ қылудың бұдан асқан түрін қайдан көрдіңіз?!.. Бүйткен мүптияты құрсын... Қолынан дым келмейтін, үкімет пен өтірік тақуалардан шаршадық, -деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 12 мамыры, кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешітте діни сенім өкілдері жаға жыртысты. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзғаны хабарланды. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзып, дау шығарған.
 
Дастан Қастай
журналист  
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар