Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелін ұрды деп айыпталған дипломаттың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

10:36, 08 маусым 2024 414

Әйелін ұрды деп айыпталған Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпара агенттігіне сілтеп. 

Астана қаласының полиция департаменті Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Азамат Карина Мамашқа қысым көрсету фактісі бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Осыдан бірер күн бұрын Карина Мамаш жеке басына қайта қауіп төніп тұрғанын хабарлаған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар