Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айыбын ақшамен өтемек болған Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

17:20, 09 шілде 2024 1069

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың түсірген апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады.15 күнге қамауға алынған әншінің жазаны айыппұлмен өтемек болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды.

Қайрат Нұртасқа қатысты апелляциялық тәртіппен Астана қалалық сотында қаралды.

“Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған. Бірінші сатыдағы сот Қ.А-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады”, – делінген хабарламада. 

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас ұшақта жанжалдасып, қоғамдық тәптіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Әнші қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Астана қаласының соты оның өтініші қабылдамады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар