Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Айлығы жоқ қызметке тұрғанда...": Қоянбаевтың журналистерге өкпесі қара қазандай

11:20, 03 шілде 2024 526
 
«Мен сайқымазақ емеспін»: Нұрлан Қоянбаев журналистерге ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық-ақпараттық порталы.
Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев өзінің жаңа қызметке тағайындалуына байланысты айтылған сын-ескертулерге жауап берді. Нұрлан Қоянбаев қазақстандық журналистерге реніші барын білдіріпті.

«Мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасымын. №45 гимназия мектебін алтынға бітірдім. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби университетінің тарих факультетінде білім алдым. Экономика және құқық академиясында финанс және кредит мамандығын бітірдім.

300 милиондық аудиториясы бар, ең ірі жастардың ойынында, Мәскеу қаласында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым. (тек мықты мемлекеттердің ғана әзілі дамыған: АҚШ, Англия, Франция т.б) Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Оны телеарна саласында қызмет атқаратындар, телевизия тарихындағы ең жоғарғы рейтингтерінің бірі екенін айтып бере алады.

Кино саласына келіп, ол саланың маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, кейінгі уақытта жылына 120 ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жатыр. Яғни, жыл сайын Голливудқа кететін 100 млн долларға жуық ақша, енді елімізде қалуда. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар!

Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді.

Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс.

Байқағаным, кейбір журналистердің мақалаларында “Сайқымазақ”, “Клоун” деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлердің бірімін!

Мысалы, Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінің вице-министрі - Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады. Мен де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет жасағым келеді. Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?!

Негізі, негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, позитивті, текті қазақтардың белсенділігі қажет», - деп жазды turkystan.kz Нұрлан Қоянбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар