Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан топ мүшесі экстрадицияланды

05:15, 16 ақпан 2024 353
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі.
«Осы қызметтің салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Бас прокуратураның  хабарламасында.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар