Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әзілкешке қатысты шағым ІІМ экстремизммен күрес бөліміне ресми жолданды

20:03, 05 тамыз 2024 277

 

Өткен аптада «Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек батырларымыз жер үшін емес, дін үшін күресті» деген әзілкеш Ғалымжан Құрманбектің үстінен бір топ азамат шағым түсірген болатын. Сол шағым бүгін ресми түрде қабылданды деп хабарлайды Alash.KZ Democrat.kz. порталына сілтеп.

Қазақтың батырларын «дін үшін күресті» деп күркіреген Ғалымжан Құрманбек діни іс-шарада жастарға үндеу тастай сөйлегені мәлім. «Сенің батыр аталарың дін үшін күресті»деген мағынаға саятын бұл сөздер еліміздің заңы бойынша діни экстремизмге тікелей шақыру болуы әбден мүмкін.

Президенттің, Бас прокурор мен ҰҚК төрағасына жолданған жүздеген азамат қол қойған хат бүгін ІІМ-нің діни экстремизммен күрес бөліміне мәселені тергеп-тексерсін деген мақсатта ресми жолданды.

Ғалымжан Құрманбектің видеосы мен ол жерде айтылған оның әр сөзіне сараптама жасалып, мәселе май шаммен қаралуы әбден мүмкін.

біздің портал бұл мәселені жіті бақылауда ұстап, әрбір жаңалықты өздеріңізбен бөлісетін болады.

Фото интернеттен алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар