Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиға тағы да ескерту жасады

17:33, 23 тамыз 2024 314

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Хиджаб кимегені үшін әйелдерін ұрады» деген пікір айтқан Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.KZ Malim.kz сайтына сілтеп.

Баян Мақсатқызының айтуынша, Құдай әркімнің жүрегінде болуы керек.

«Ел алдында жүрген әрбір адам әр сөзін ойланып айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңде ұстаңдар. Құдай әркімнің жүрегінде, сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық етіп, фото саласыңдар. Кейін іш киімммен, мас күйде жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды продюсер.

Еске салайық, хитмен Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтқан ойы қоғамда қызу талқыға түскен еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар