Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бала ма, тоқал ма?": Болат Назарбаевтың мұрасына талас тереңдеп барады

18:18, 12 шілде 2024 999

Болаттың мұрасы үшін әулетаралық соғыс басталды,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірден қайтқан інісі, "ең бай сантехник" атанған Болат Назарбаевтың мұрасы үшін тартыс шешуші фазасына жетті. Аренаға күтпеген жерден әнші Динара Кемелхан (Мәметекова) шығып отыр.

 "Болат Назарбаевтың үлкен ұлдары оның азаматтық некеде жүрген әйелі Динара Мәметековамен заңды некеге отыруына қарсы болған еді. Себебі, Болаттың денсаулығы нашарлағандықтан, олар да, әулеттің басым бөлігі де мұраға ортақтасатын артық адам қажет емес деп ойлады. Енді олар "Динара Мәметекова Болат Назарбаевтың ұзақ өмір сүрмесін білді және әдейі некені заңдастыруға асықты" деп санайды", - дейді, DALA INSIDE.

Нотариусқа барып, мұрагерлік құқығын жариялағандар тізімде Болат Назарбаевтың көз жұмған сәтіндегі заңды әйелі Динара Мәметекова мен 14 баласы бар. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлестеріне де қатысты.

"Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Алайда, заңда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қатысты бап бар. Сондықтан заңды әйелі ортақ мүлікке таласа алады", - дейді, ДалаИнсайд.


Болат Назарбаев мұрасының ең қомақты бөлігіне Нұрбол Назарбаев ие болып отыр. "Жаңа Қазақстан" да біраз активтің кезінде заңсыз қолды болғанын дәлелдеп, қазір өзіне қайтару процесін жүргізуде. Сондықтан қалған мұрагерлердің көп болса бір жер телімі, не үйге қанағат етуі ғажап емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар