Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балалардың психикасын бұзды": Сиви Махмуди іздеуге жарияланған экс күйеуі жайлы алғаш рет сыр ашты

12:51, 03 қараша 2024 740

Әнші Сиви Махмуди іздеуге жарияланған экс күйеуі жайлы алғаш рет пікір білдіріп, Анна Данченкоға сұхбат берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Бұл жағдай маған ауыр тиді. Атым аталып жатқан соң, оңай болған жоқ. Тырнақтап жинаған абыройымды шашқаны үшін алаңдаймын. Ажырасқанымызға 4 жыл болды. Ешқандай сұхбатта бұрынғы жолдасымды жамандаған емеспін. Не үшін? Себебі балалардың болашағын ойладым. Бірақ, өкінішке қарай өзі осындай дүниелерді шығарып, тыныш жүрмей жүр. Бізден кеткеніне 4 жыл өтсе де, осы уақыт аралығында бірде-бір рет балаларды іздеп, көмектескен емес. Тым болмаса туған күндерінде құттықтап, хабарласқан да жоқ. Оны қойшы. Мені де, балаларды да іздемегеніне етіміз үйреніп кетті.  Көмегі де керек емес. Аллаға шүкір. Әр баланың несібесі бар. Өзім балаларды бағып жатырмын. Тек балалардың психикасын бұзып кеткені ауыр тиді. Отасып, бірге тұрған кезімізде де, ажырасқаннан кейін де неше түрлі оқиғалар болды. Оны айтуға уақыт та жетпейді. Айтқым да келмейді. Сол үшін көптеген нәрсені айтпаған да болатынмын. Бірақ өзінің былықтары шығып жатыр. Өкінішті. Тым болмаса балаларды ойлауы керек еді", - деді Сиви Махмуди. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланған болатын. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар