Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаларымыз үшін кешірім сұраймыз". Маңғыстау облысындағы түлектер төбелесі ата-анаға абырой әпермеді

15:36, 26 мамыр 2024 1096

Бейнеу ауданында мектеп бітіріп жатқан бір топ оқушы көшеде бір-бірімен төбелесіп, тас лақтырған. Осы оқиға үшін оқушылардың ата-аналары кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеп.

Айта кетейік оқушылар төбелесі Боранқұл ауылында болған.

«Біз балаларымыздың мектеп бітіру салтанатын бастан-аяқ өзіміз полицейлермен бірге бақылап жүрдік. Аз ғана уақыттың ішінде балалар арасында келіспеушілік болып қалды. Алайда ешкім жарақат алмады. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен екен. Балаларымыздың бұзақылығы үшін кешірім сұраймыз», - дейді ата-аналар.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бейнеу ауданында түлектер арасында кикілжің болғанын хабарлаған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар