Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бапи: Қазақстанда биыл бюджет тапшылығы болады

14:02, 01 наурыз 2024 382
Қазақстан биыл Ұлттық қордан тағы 3,6 трлн теңге алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мәлімдеді. 
 
Оның айтуынша,Қазақстанның биылғы шығыны – 24 трлн теңге. Оның 16,5 трлн теңгесі табысымыз, 3,6 трлн теңгені Ұлттық қордан алынады, 4 трлн теңге құнды қағаздарды шығарудан түсіп отыр. Яғни, тапшылық 7,5 трлн теңгені құрап отыр.
 
Алайда, биыл бюджет тапшылығы болуы әбден мүмкін деген депутат Үкімет басшысы Бектеновке бірнеше ұсыныс айтқан: 
 
1. Алдымен квазимемлекеттік сектордың таза пайдасын бюджетке беретін уақыт келді. Осы секторға жақсы аналитикалық талдау жасап, дұрыс жолға қойса, қазынамызға ең кемі 3 трлн теңге түсіруге болады. Бұл – бір.
 
2. Екіншіден, квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесі мен механизмдерінде әлі де ашықтық жоқ.
 
Сондай-ақ көптің сұрағы: «Ұлттық компанияларға құны 1,6 миллиард теңге болатын чартерлік рейстер неге қажет», деді депутат.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар