Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Барым осы: “Теріскейді қазаққа толтырамын” деп жүрген белсенді көлігін сатпақшы

13:12, 16 сәуір 2024 501

"Тәуекел" ұйымының негізін қалаушы Бурахан Дахан кәсіпкер Сырымбек Тау бастаған команда сыйлаған автокөлікті халық игілігіне жұмсайтын ниетін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бурахан Дахан өз facebook парақшасында кәсіпкерлер сыйлаған көлігін сатып, топан суда зардап шеккен халыққа көмек ретінде беретінін айтты. 

Ағайын, бір шешімге келдім, мына ел сыйлаған көлікті сатып, пұлын тасқыннан зардап шеккен халыққа көмек ретінде бермекпін!!! Су тасқыны басталғалы, қолымнан ештеңе келмегеніне ішім ашып жүр. Үйінен, көлігінен, малынан тірідей айырылып жатқан халықты көріп өзімді қоярға жер таппай есім шықты. Тіпті санамды тұрмыс билеп, мына қол созым жердегі Қызылжарға да пайдамның тигені шамалы. Әттең, миллиондап тұрып бере ем, бірақ жомарттың қолын жоқ байлайд демекші, жағдайымды бәріңіз білесің.

Сонымен не керек, халық үшін малыңды қия алмасаң, жаныңды қиямын дегенің өтірік деген принціпіммен осы ел сыйлаған ақбозатты осы бір жолмен еліме қайтарсам ба деп едім. Бастан құлақ садаға әкесс. Басымыз аман болса, бұтқа тұлпар табылар.


Көлікті тез арада сатып, түскен ақшаны "TAUEKEL" ұйымының атынан мына тасқыннан зардап шеккен Қызылжар жұртына көмек ретінде аударамын. Теріскей бізге аманат дегенде сондаймыз, теріскейдің жұрты қыйналып үйсіз күйсіз қалып жатқанда атқа мініп жүргенім жараспас нақ.

Қысқасы бала шағамнан кейінгі менің бар байлығым, осы көлік қана. Тасқыннан жапа шеккен халқым үшін сол барымды беруге даярмын. Үй менікі болса үйді де сатып жіберер ем, бірақ үй үкіметтікі. Жалпы, бәз біреулер байлығының оннан бірін беріп жатыр екен, мен онның онын, керек болса минусқа да кіріп беремін!


Достығымдағы менің елге деген ниетімді білетін кәсіпкер азаматтар болса — мына қасиетті көлікті алып қалуларыңды сұраймын. Бұл көлікпен 30 мың км жүріп, Теріскейдің түкпір түкпірін араладым. Көптеген көшіп келушілердің өздерін, жүгін тіпті екі үш рет қойын да жеткізіп бердім. Балшыққа батқан, қарға батқан талай адамның батасын алған көлік бұл,- деді ол өз жазбасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар