Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басын кесіп, қорлаған: Маңғыстауда әскери қызметкер жантүршігерлік қылмыс жасады

16:46, 30 мамыр 2024 850

Маңғыстауда жантүршігерлік оқиға орын алды. Бұл туралы Еgovpress телеграм арнасы хабарлады.

59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды.

Тергеу бойынша алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап кетіп, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар