Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басқа әйелді неге қызықтыру керек. Құдайдан күшті біле ме? - Айсауле Бақытбек ашулы жазба жариялады

10:21, 10 қазан 2024 607

Баян Алагөзованың үлкен қызы, блогер Айсәуле Бақытбек өзіне шүйліккен әйелдерге жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Аман-есен үшіншісін дүниеге әкелейін. Әзірге төртіншісін жоспарламаймыз. Бізге баланың жынысы маңызды емес. Егер ұлды болсақ өте жақсы. Қызды болсақ та ренішіміз жоқ. Күйеуім екеумізге ортағасырлық көзқараспен өмір сүру – жат. Әсіресе "Саған ұл керек" деп әйелдер көп жазады. Мен соған ренжимін. Біз неге өзімізді жақсы көрмейміз. Тіпті біз кімді қалайтынымыз басқа әйелді неге қызықтыруы керек. Ол құдайдан да күшті біле ме?! Мен қыздарымды жақсы көремін. Олардан басқа ештеңе асқан күшті емес", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?