Қырғызстанда бейіт басын әсемдеуге тыйым салынтын болды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Яғни, мәрмәрдан тас қойып, темірмен қоршауға заң аясында тосқауыл қойылды. Мұндай белгілерді, тек тарихи-мәдени маңызы бар зираттарға қоюға рұқсат етіледі.
Садыр Жапаровтың сөзіне сүйенсек, қайтыс болған жандарды, үйде құран бағыштап, еске алу жеткілікті дейді. Ал, бейітке, қос қабатты кесене салу дәстүрімізге сай келмейді деп отыр.
Сондай-ақ, адамды жерлеген соң, қоршауы ағаштан салыну керек. Ал, биіктігі 70 см аспауы қажет.
Қырғызстан билігінің мәліметіне сәйкес, бұл заң, ысырапшылдықтың алдын алады.
Біздің елімізге де, осындай заң қажет ау? Өйткені, кейбір бейіт басын көріп, таңқалатынымыз бар.