Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бекболат пен Мұхамеджан айтыскерлерді бөлді, айтыс уахаббизм-сәләфизмнің насихатына жұмсалды" - Дәулеткерей Кәпұлы

18:32, 06 шілде 2024 5609

Айтыскер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы ADAL Adam Youtube арнасына сұхбат беріп, айтыстың "уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау құралы болғанын" айтты, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы ADAL Adam Youtube арнасына сілтеп. 

Дәулеткерей Кәпұлы қазақ тілі, діни ахуал, айтыс төңірегіндегі дау-дамай, көкпар спортының қаупі, қаламгерлерге жасалған жағдай туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар Жүрсін Ерман бастаған айтыскер ақындар ақындар тобының арасынан жік шығып, Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің "біраз ақындарды бөліп алғанын" айтты:

Бекболат пен Тілеухан біраз ақындарды бөліп алды. Қазір Жүрсін Ерманның айтысына қатыспайтын ақындар шықты. Өйткені, "Алтын домбыраны" өткізгеннен кейін Жүрсін Ерманды сахнаға шақырып, иығына шапан жауып, "болды, осымен тоқта" деген әңгіме шығарғандарын да халық біледі. Мұның бәрі беті ашылған дүние. Уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау үшін айтыс үлкен құрал болатын, - деді Дәулеткерей Кәпұлы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар