Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бектеновте Ресейге барады

12:21, 04 наурыз 2024 271

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады.

Наурыз айында Бектеновтің Ресей мен Өзбекстанға жұмыс сапарлары жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.  

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

Айта кетейік,бұған дейін Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге жұмыс сапарымен аттанған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар