Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

10:51, 18 наурыз 2023 300
Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты.


Ұзату тойы Астанадағы мейрамханалардың бірінде өткен.

Қалыңдықты әнші Мадина Сәдуақасова ұзатты.

Ұзату тойына келген қонақтардың арасында белгілі әншілер Майра Ілиясова, Маржан Арапбаева, Әлішер Каримов, Қайрат Баекенов, Бейбіт Кушкалиев бар.
 

Барлығымыз үшін бақытты күн, барлығымыз Жанар үшін өте-өте ризамыз,-деді Маржан Арапбаева.

 

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Жанар Дұғалова қазақстандық журналистердің біріне берген сұхбатында жақын күндері тұрмысқа шығатытын айтқан болатын.
 

Иә, рас. Мен тұрмысқа шығамын. Бізді тағдыр қайта-қайта тоғыстырған. Біз кездейсоқ бір уақытта, бір мекенде жүргенбіз. Біз Қырғызстанда таныстық. Өнер саласынан емес. Дегенмен де, жоғары музыкалық талғамы бар. Жан-жақты азамат. Мен үнемі тұрмысқа шығатын болсам жүрек қалауымен, махаббатпен ғана тұрмыс құрғым келетін. Сол қалағанымдай болды. Ешқандай есеппен, бір жоспарлармен емес, - деді ол.

 

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=axcd-LWflqY[/embed]

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар