Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Bereke Bank жоғары бонустар есептелетін тиімді бағдарламаны іске қосты

18:01, 18 қазан 2023 157
Bereke Bank барлық карта иелері үшін B-Bonus+ сервисін іске қосқанын жариялады. Енді Bereke Bank-тің кез-келген клиенті тауарлар мен қызмет ақысын MasterCard және Visa карталарымен төлей отырып, әр саудадан бонустар жинай алады. Бір бонус бір теңгеге тең, жинақталған бонустарды B-Bank мобильді қосымшасында «төлемдер» сервисінде жұмсауға болады. Жақын арада банк клиенттеріне бонустарды теңгедегі карталық шоттарына аудару қызметі қолжетімді болмақ.

Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, банк барлық карта ұстаушыларға бонусты өзге желілер арқылы да жинауды ұсынады. Яғни, кез-келген банк клиенті Bereke Bank-тің төлем картасымен басқа да екінші деңгейлі банктің POS-терминалдары арқылы және онлайн-дүкендерде төлем жасай отырып, өзінің кепілдендірілген бонустарын алады.

B-Bonus+ сервисіне қосылу өте оңай, ол үшін банктің мобильді қосымшасында «+жоғары бонустарға қосылу» дегенді басу қажет. Бағдарлама әр қатысушыға кепілдендірілген бонустардың 0,5% - дан 30% - на дейін алуға мүмкіндік береді. Көптеген төлем үшін жұмсалған қаражаттан 3% бонус есептелсе, такси және жанармай құю станцияларында 10%-ға дейін бонус беріледі. Ал егер сіз B-Bank мобильді қосымшасы арқылы кино билеттерін сатып алсаңыз, онда 30%-ға дейін бонус ала аласыз.

Бонустық шотты әлемнің кез келген нүктесінен B-Bank мобильді қосымшасында 24/7 режимінде басқаруға болады. Бүгінгі таңда қызмет әр клиентке қолжетімді әрі оған қосылу тегін. Сондықтан егер сіз жоғары бонустарды алғыңыз келсе, Bereke Bank төлем картасын ашыңыз, смартфоныңызға B-Bank мобильді қосымшасын орнатыңыз және бір секунд ішінде B-Bonus+ сервисіне қосылыңыз.

Bereke Bank өз клиенттерін жоғары бағалайды және әрқашан пайдалы, ыңғайлы әрі тиімді қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге тырысады!

Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан алуға болады: 5030 нөмірі, Қазақстан аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Анықтама үшін:

«Bereke Bank» АҚ – екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. 01.09.2023 ж. жағдай бойынша ҚР ЕДБ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді.

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі.

Банк ай сайын пайда табады, 2023 ж. 8 айда таза пайда 17,2 млрд теңгені құрады. Банк барлық пруденциалдық нормативтерді орындап келеді. 2023 ж. 8 айда k2 капиталының жеткіліктілік коэффициенті 9,4%-дан 11,0%-ға дейін артты.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Bereke Bank» АҚ Баспасөз қызметі, press@berekebank.kz

+7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466, 601 387;

+7 771 410 26 09 Сания Галиева 

+7 7011392339 Меруерт Бердыбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?