Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Беті толық күйген: Күйеуі өртеп жіберген әйел қуанышты жаңалығымен бөлісті

15:10, 22 тамыз 2024 3766

Азаматтық некедегі күйеуі өртеп жіберген әйел туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

CMN ақпарат порталының хабарлауынша, азаматтық некедегі күйеуі өртеп жіберген алматылық әйел полиция қызметкерлерінің немқұрайлылығынан бір жарым жыл бойы кінәлі есебінде болған еді. 

Бұл оқиғаның мән-жайын жәбірленуші Индира Төрегелбаеваның адвокаты Айнара Айдарханова айтты.

«Біз қатты қуанып отырмыз. 20 айдан кейін біз “жәбірленуші” тарабына өттік. Бұл іс қыркүйек айында сотқа беріледі дегенді білдіреді», — деп бөлісті адвокат.

Еске сала кетейік, Индира Төрегелбаева азаматтық некедегі күйеуі 2022 жылдың желтоқсанында әйелі жұмыс істейтін дүкенді жарып жіберген еді, бірақ соңында өзі қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар