Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Билік "Қазфосфат" басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Зауытты мәжілістің бұрынғы спикерінің ұлы басқарады

08:55, 15 шілде 2022 280
[ad_1]



Минерал тыңайтқыштар өндіретін "Қазфосфат" зауыты басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігі. Қылмыстық істі 13 шілдеде Жамбыл облысының экономикалық тергеулер департаменті тіркеген. "Монополия қызметі" бабы бойынша тергеу аймақтық бәсекені қорғау және дамыту департаментінің қорытындысы негізінде басталған.


Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, "аммофосты" қымбатқа сату арқылы "заңсыз табыс тауып", "монополия жағдайын асыра пайдалану" фактісі тіркелген.


Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тыңайтқыш зауыты үлестес компанияға өнімінің едәуір бөлігін сатып, өз кезегінде ол оны 30 пайызға қымбаттатып сатқанын айтқан.


"Қазфосфат" зауытын мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов басқарады.


Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен айырылған. Нұрлан Нығматулин 1 ақпанда мәжіліс спикері қызметінен кетті.


Бірнеше күн бұрын "Қазфосфат" зауытында апат болып, Тараз қаласын көк түтін басқаны хабарланды. Тұрғындар тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Экология министрлігі бастапқыда фторсутек қалыпты нормадан екі-үш есеге артты, аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газы анықталмады деп хабарлаған. Кейін артық ластаушы заттар анықталмады деп мәлімдеген. Жамбыл облысының әкімдігі "тұрғындар денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ" деп айтты.


Видео: Тараздағы химиялық зауытта апат болып, қаланы көк түтін басты (12 шілде 2022 жыл).



Кейінгі бір жарым айда кәсіпорында үш апат болды, екеуінде адам өлімі болған.





[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар