Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Былтырғы алапат өрттің өтемі. "Семей орманы" филиалының директоры ұсталды

09:28, 11 шілде 2024 493

Былтыр жазда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған алапат өртке байланысты Филиал директоры мен қылмыс жасағандар ұсталды, деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп. 

"9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмыс жасағандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар