Желіде таралған бұл бейне аналық махаббаттың шексіз күшін көрсетеді, деп жазады Alash.KZ.
Көшеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген әйелдің бір қолында сыпырғысы болса, екінші қолымен көліктің үстіндегі бесікті тербетіп тұр. Сырттай қараған адамға әрі сондай мейірімді көрініс, әрі сондай аянышты сәт.
Ананың сәбиді көзден таса қылмауы - әрбір ананың, әрбір әйел затының күн сайын мүмкін еместі мүмкін ететін қаһарман екенін еске салды.
Ата-Аналарымызды әрқашан аялап, бағып-қаққан еңбектерін ақтауға тырысайық!