Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл жайында Назым Қаһарман Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Tengrinews.kz порталына сілтеп.
Назым Қаһарманның Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа арызданғанын айтты. Сот арызды қабылдамаған. Себеп ретінде Салтанат Нүкенованың Бишімбаевтың заңды әйелі емес екенін, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірген болып саналмайтынын жеткізген.
Сонымен қатар, Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуді қалаған, бірақ бұл талап та мақұлданбаған
"Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашып айту,а мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы - еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын - біздің сотқа назарын аударыңыз", - деп шағымданды Қаһарман.
Еске салайық, мамырда Назым Қаһарман бұл оқиғадан кейін балалары Бишімбаевтың фамилиясынан бас тартқысы келетінін айтқан еді.