Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл қазақстандық фермерлерге 140 млрд теңге бөлінеді – АШМ

17:07, 22 ақпан 2023 301
 


Биылғы көктемгі егіс науқанында шаруаларға 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Биыл қаңтардан бастап алғаш рет көктемгі егіс жұмысына 140 млрд теңге көлемінде қаржыландыру пысықталды (бұрын қаржы наурызға дейін түспейтін). Аграрлық несие корпорациясы бұл қаражаттың бөлінуін күтпей, қолда бар ресурс есебінен желтоқсаннан бастап қаржыландыруды бастады.

Мәселен, былтыр желтоқсанда 794 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні 22,6 млрд теңгеге, 2023 жылғы қаңтардан бері 564 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні 17,1 млрд теңгеге қаржыландырды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, қаржы 3 200-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге бөлінеді.
 

Бұл 2 млн гектарға жуық алқапта егін егу мен жинауды қамтамасыз етеді. Бүгінде 123,6 млрд теңгеге 3,4 мыңға жуық өтінім қабылданып, 71,7 млрд теңгеден астам сомаға 1 669 өтінім мақұлданды, - деді министр.

 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы да қаржыландыру жалғасады.

«Биыл корпорациясы салаға 55 млрд теңге бөледі, оның 20 млрд теңгесі форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша, 35 млрд теңгесі тауарлық несие беру есебінен. Барлық проблемалық мәселені жедел шешу үшін министрлік жанынан барлық қажет мемлекеттік орган мен ұйымды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тартып, жедел штаб құрылды», - деді ол.

Көктемгі егіс науқанын бастау үшін 160 мың трактор, 5 мыңнан аса жоғары өнімді егіс кешені, 78 мың тұқым сепкіш, 226 мың топырақ өңдеу құралы бар.

Энергетика министрінің айтуынша, биыл шаруаларға 413 мың тонна дизель отыны беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар