Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізде қазақтарда ұят болады деп еркектер әйелінің бетінен де сүймейді" - Фариза Ескермес шулы мәлімдеме жасады

10:03, 08 қараша 2024 1242

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан әнші, актриса Фариза Ескермес журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, елдің қызу талқысына түсті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

«Менің күйеуім бар. Оның әке-шешесі әлі күнге дейін күнде вальс билейді. Күнде бір-біріне «Я тебя люблю» деп айтады. Аналардың махаббаттары сұмдық. Андрей жалғыз бала болғандықтан, ол барлығына махаббат көзімен қарайды. Кішкентай бала сияқты. Сондай таза адам, мен таң қалдым. Бұл әке-шешесінің берген тәрбиесі, әке-шешесінің бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бізде қазақтарда «ұят болады, бала көріп қояды» деп тіпті құшақтаспайды. Еркектер әйелінің бетінен сүймейді. Ол бала сосын «ұят боладымен» жүреді», - деді Фариза Ескермес. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?