Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министрлік Сарышағанда зениттік зымыран бөлімшелерінің жауынгерлік атыстары өткенін хабарлады

11:30, 02 ақпан 2023 352
[ad_1]



Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зениттік зымыран бөлімшелері жауынгерлік атыс өткізгенін хабарлады.

Практикалық сабақтың негізгі мақсаты "жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру" деп айтылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "қолданыстағы қазіргі заманғы зениттік зымыран кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған". Министрлік хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада ресейлік "Бук" кешенінің сыналып жатқаны байқалады.

Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі "ұшақ және зымыран тектес" дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. "Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған".

– Заманауи зениттік зымыран кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде жауынгерлік ахуалды модельге түсірдік. Ал жеке құрам бір мезгілде бірнеше шағын өлшемді төмен ұшатын әуе нысандарын табу, оларға ілесіп ұшу және жоюға арналған іс-қимылдарды пысықтады, – деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамасының командирі, полковник Берік Молдақұлов.

2014 жылы Астана Мәскеумен әуе шабуылынан қорғайтын бірыңғай жүйені құру туралы келісімді ратификациялаған.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар